«Балдырған» бөбекжай- балабақшасы  мемлекеттік  коммуналдық   қазыналық    кәсіпорыны

 

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Темір ауданының білім бөлімі»

мемлекеттік  мекемесінің «Балдырған» бөбекжай-балабақшасы

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының

өзін-өзі бағалау қорытынды

АНЫҚТАМАСЫ

Бақылау түрі:өзін- өзі бағалау

Мекеме атауы:«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір  ауданының білім бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің «Балдырған» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады.

«Балдырған» бөбекжай-балабақшасы» Темір ауданы әкімдігінің 2018 жылғы  28 қараша  № 66  Қаулысының негізімен құрылды.

Мектепке дейінгі ұйымының құрылтайшысы – Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.

Мектепке дейінгі ұйымының мемлекеттік басқарудың тиісті саласын басқару жөніндегі уәкілетті орган Ақтөбе облысының білім басқармасы мен Темір  аудандық білім бөлімі болып табылады.

Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган «Ақтөбе облысының  қаржы басқармасы» ММ болып табылады.

Мектепке дейінгі ұймының мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 030811, Ақтөбе облысы Темір  ауданы,  Кеңестуы  ауылдық округі,Қопа ауылы,Мектеп көшесі, 24 үй.

Мектепке дейінгі ұйымының заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және Мекеменің атауы бар мөрі бар.

Мектепке дейнгі ұйымының негізгі ғимараты 2011 жылы салынған. 

Қабаты-1, іші жарық,жылы.Топ бөлмесі-2 жатын бөлме-2 дәретхана-2.Меңгеруші, әдіскер,бухалтерия,медициналық, алдын ала оқшаулау бөлмесі,кір жуу бөлмелері бар.

Асханада  өзіне қажетті асты даярлау және пісіру бөлмелері бар. 1 тоңазатқыш, 1 аяздау камерасы, 1 электроплита,  Сонымен қатар көкөніс, жемістер қоймасы  және құрғақ тағамдарды сақтау бөлмесі бар.

Жобалық қуаты-50.Жалпы тізім бойынша-50

Мектепке дейінгі ұйым қызметінің мақсаты әрбір баланың шығармашылық, рухани дамуының мүмкіндіктері үшін қолайлы жағдай жасау, олардың табиғи дамуы мен жүйкесінің саулығын нығайту, баланың қабілеттігін олардың мүддесі мен ата-ананың сұраныстарына орай дамыту, балаларды мектепке оқуға дайындау болып табылады.

Білім беру мекемесінің үлгісі- мектепке дейінгі білім және тәрбие беру мекемесі.

Жұмыс жасау тәртібі- жыл бойы.

Басқару жүйесі және жұмыс тәртібі.

Мекеменің жұмыс тәртібі: 5 күндік, демалыс күндері- сенбі, жексенбі және мейрам күндері. Жұмыс уақыты: 08.00- 18.00. Күн тәртібі, ұйымдастырылған оқу кестесі оқу жоспары мен СанЕмН талаптарына сәйкес құрылған. Оқу сабақтарының кестесі балалардың жас ерекшелігіне байланысты жасалған.

1)Ұйымның қызмет көрсетуіне құқықтық негізі: Заңды тұлғаның  мемлекеттік  қайта  тіркеу туралы анықтамасы  БИН 060940005866, 28.07.2021жылы берілген.  

2)Білім мекемесінің негізгі құжатының бірі- Жарғы. Жарғы «Білім туралы» заңның 41-бабын және ҚР Үкіметінің  ж.. «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысы негізінде дайындалған. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ 2021 жылғы 09 шілденің №К-90 бұйрығымен бекітілген.

№ 30-1904-13-ААо-ГП  Алғашқы тіркеу күні 26.09. 2006 жыл.Жарғы  11 беттен тұрады, нөмірленіп, тігілген.

Мектепке дейінгі ұйымның   жаңа оқу жылына  дайындығы туралы  актісі бар. Санитарлық-эпидемиологиялық өрт қауіпсіздігі  қызметтерінің қорытындысы  мен тексерілген  актілері бар. Мектепке дейінгі ұйымның  ішкі және сыртқы  келбеті СанЕмН талаптарына  сай. Стандарт  жүйесіне байланысты  еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету  мақсатында  мектепке дейінгі ұйымда  толыққанды жұмыс жүргізіледі.  Сонымен қатар мекеме жыл сайын СанЕмН балаларды тамақтандыратын ас мәзірін бекітеді. Балабақшада балалар 3 мезгіл тамақтанады.

Ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінің   жалпы көлемі  оқу  жүктемесіне, санитарлық-гигиеналық талапқа сай, оқу іс-әрекет кестесі  Бес білім  беру саласы талабы бойынша базистік  жоспарға   және   ҚР МЖМБС 1.001-2009  талаптарына сай  құрылған. «Балдырған » бөбекжай-балабақшасы» мектепке дейінгі ұйымының 2021-2022  оқу жылдарының  ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің  жұмыс  жоспарлары ҚР МЖМБС Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы  және 2012 жылдың 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы негізінде құрылды. Ұйымдастырылған оқу  іс-әрекетінің   перспективалық жоспарлары,  және   балалардың   тіршілік әрекеті мен  тәрбиелеуді  ұйымдастыру  циклограммалары  талапқа  сай  құрылған.

 «Балдырған» бөбекжай-балабақшасы» мектепке дейінгі ұйымының 3 оқу жылындағы  штаттық кестесі Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысы негізіндегі мектепке дейінгі ұйымдардың үлгі штаттық кестесіне сәйкес құрылған. Штаттық кестелер Темір  аудандық білім  бөлімінің басшысымен бекітілген.

 Балабақшада  штаттық кесте бойынша- 7 педагог маман,16 кіші қызметкер бар. Оның ішінде: меңгеруші-1, тәрбиешіде бірлік тәрбиеші-4 музыка жетекшісі -0,5 әдіскер-0,5 психолог -0,5 ш.б.

Балабақша педагогтары туралы мәлімет

Оқу жылдары

Барлық педагог

тар

Жоғары білімі

Соның ішінде мектепке дейінгі

;

Арнаулы орта

Соның ішінде мектепке дейінгі

орта білімі

2021-2022

7

5

4

2

2

0

 

 Еңбек  өтілі  бойынша  кадрларға  мінездеме.

Оқу жылдары

Педагогтар саны

0-ден  5жылға дейін

5-тен 10 жылға дейін

10-нан 15 жылға дейін

15-тен 20 жылға дейін

20 жылдан жоғары

2021-2022

7

2

3

 

1

1

Динамика

8

 

 

 

 

 

 5-10 жыл аралығында 100 пайызға  тұрақты  жұмыс  істеп  келе  жатқан  мамандар .

«Балдырған» бөбекжай-балабақшасы  кадрлардың  жеке іс-қағаздары  талапқа сай жүргізіледі. Жеке іс қағаздарда  кадрларды  жұмысқа алу  өтініштері, жұмысқа қабылданғандары туралы бұйрықтары, еңбек  шарттары, диплом көшірмелері, өмірбаяны, жеке куәлігінің  көшірмесі, еңбек кітапшалары, біліктілік  арттыру курстарынан өткен сертификаттары және біліктілік санаты туралы  бұйрықтарының көшірмелері жинақталған. Негізгі  қызмет  бойынша, жеке құрам бойынша  бұйрықтар  кітаптарының  жүргізілуі талапқа сай тігілген және нөмірленген.

Барлық оқу жылы бойынша жаңа оқу жылына дайындық туралы актілер бар. Бөбекжай-балабақшасының материалдық базасы СанЕмН талаптарына сай 50 тәрбиеленушілерге арнайы жабдықталған. Бөбекжай-балабақшасы   әр топтарында  балалардың киімдеріне, оқу құралдарына арналаған шкафтармен, отыратын үстел, столдарымен, теледидар,  музыкалық центрмен  жабдықталған.  Балаларды қабылдау бөлмесі бар .  Жатын бөлмесі   талапқа сай керуеттер төсектерімен жабдықталған. Тәрбиеленушілерге арналған көркем әдебиеттер, ертегілер  саны - 30 .  Әдістемелік құралдар  мен кітаптар саны-40 кітап.  «Балдырған» бөбекжай-балабақшасында Қазақстан Республикасы рәміздерімен жабдықталған.  Елтаңба мен ту мекеме басшысының кабинетінде талапқа сай орналастырылған.     

Тәрбиеленушілер контингенті туралы.

«Балдырған » бөбекжай-балабақшасы» МДҰ-да   жалпы  тізім бойынша -50 бала. Балалардың  құрамы  1  жастан 6 дейінгі аралығын қамтиды, барлығы  2 топ, оның  ішінде оқыту- тәрбиелеу процесі мемлекеттік тілде жүргізіледі.

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес» «Балдырған » бөбекжай-балабақшасында балалар қабылдау жұмысы жүргізіледі.  Келген балалар құжаттарын қабылдау ережесі, балалар қозғалыс кітабы, жолдамаларын тіркеу журналы  талапқа сай жүргізіледі.

Балабақша ішкі және сыртқы бейнебақылаумен камерасымен жабдықталған.Ішкі бейнебақылау саны -8, сыртқы бейнебақылау саны -5.

Өзін -өзі бағалаудың нәтижелерін қорытындылау.

5.4.Оқу-әдістемелік   жұмыстар

1)Мектепке дейінгі ұйымның  2 топтың  оқу-тәрбие үдерісі   2021-2022 оқу жылында Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығының негізінде  жүзеге  асырылады.

2020-2021 оқу жылының оқу –тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру 2007 жылғы 27 шілдедегі ҚР Занының 5-бабының 6-тармақшасына сәйкес Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 195 бұйрығына, "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 412 бұйрығынасәйкес мектепке дейінгі тәрбиенің оқытудын жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына, мектепке дейінгі тәрбиенің оқытудың жалпыға білім беретін оқу бағдарламасы және мектепке дейінгі тәрбиемен оқытудын үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған  оқу қызметінің жалпы көлемі  оқу  жүктемесіне, санитарлық-гигиеналық талапқа сай, оқу қызметі кестесі  Бес білім  беру саласы талабы бойынша базистік  жоспарға   сай  құрылған.

2)Мектепке дейінгі ұйымда  тәрбиеленушілердің танымдық, психологиялық, тұлғалық қабілеттері мен ерекшеліктерін  дамыту  мақсатында  денсаулық сақтау технологиялары, 2019-2020 о.ж.  бастап  жобалау  технологиясы, биылғы  оқу жылынан бастап кіріктірілген технологиясымен мнематехникалық кесте бойынша әдісқолданып келеді.  Сонымен бірге, балалармен күнделікті  жұмыс істеу  барысында  балабақша  педагогтері   ертегі терапиясы, ойын, сахналау,  оқыту мен тәрбиелеудің  белсенді  формаларын  қолданып  келеді. МДҰ-да  қолданылатын  оқыту мен тәрбиелеудің түрлері мен әдіс-тәсілдерді таңдауда  балабақша  тәрбиеленушілердің  жеке  қабілеттері  мен  ерекшеліктері  және  мүмкіндіктері  ескеріледі. Кіші  жастағы  балалар арасында  денсаулық сақтау технологияларына  мән  берілсе, ортаңғы топтың  балалары арасында олардың танымдық, зерттеушілік қабілеттерін  дамыту  мақсатында  жобалау әдісі  қолданылады.

Жалпы  ҰОҚ-нің  кестесін  құруда  төмендегідей  принциптер  басшылыққа  алынды: мектеп жасына дейінгі баланың қимыл-қозғалыс белсенділігін қамтамасыз ету баланың бойына түсетін салмақ пен физикалық жүктемелерге байланысты  дене шынықтыру  ҰОҚ-нің  алдында 5-10 минут үзіліс беру, топтарда тәрбиешілер  балалармен  тақпақ жаттау, ән  үйрету  сияқты  қосымша  жұмыстармен  айналысады. Үш жылдың ҰОҚ-нің  кестелері  де  СанЕмН-ге  сәйкес  құрылды, күн  тәртібінде  белгіленген  уақытта  оқу  қызметін  өткізу  жоспарланды. 

Жазғы  маусым  кезеңіне  арналған  ҰОҚ-нің  кестесін  құруда  балаларға  салмақ түсірмеу, еркін іс-әрекетке  мүмкіндік  жасау, балалардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту, жазғы  сауықтыру  кезеңіне  сәйкес  балалардың  дендерін  шынықтыру, денсаулықтарына  оң  әсер  тигізу  принциптері  негізге  алынды. Осыған  орай, барлық  топтарда  апталық  жүктемесі  6 сағаттан  аспайтын  дене  шынықтыру, музыка, сурет салу, аппликация мен мүсіндеу  ҰОҚ–і  кестеге  енді. Тек  соңғы  2021-2022 о.ж.  арналған  жазғы  маусымдық  оқу  іс-әрекетінің  кестесіне  балалардың  тілдерін  дамыту, жаттықтыру, көркем  әдебиетке  баулу  мақсатында  көркем әдебиет, тіл дамыту  оқу  іс-әрекеттері  қосылды. Жазғы  оқу  қызметінің  кестесін  құру  кезінде    базистік  оқу  жоспарында  белгіленген  сағат  көлемі  негізге  алынып, әзірленді.

5.5.Оқу-тәрбиелік  жұмыс

1)МДҰ-ның  оқыту-тәрбиелеу жұмысында  бала  құқығына, жалпы  құқықтық  тәрбиеге  баса  назар  аударылады. Педагогтердің  құқықтық  сауаттылықтарын  арттыру, кәсіби  құзыреттіліктерін  көтеру  мақсатында  жылдық  жоспарда  арнайы  құқықтық  білімдерін  көтеру  жоспары  құрылған. Педагогтарға «ҚР-ның  білім туралы Заңы», Президенттің  жыл  сайынғы жолдаулары, Еңбек  кодексі, бала  құқығы  туралы  конвенция, неке  және отбасы туралы Заң  тақырыптары  әдіскер жанындағы  кеңестерде  немесе  әдістемелік  кеңестерде  оқылып, талқыланады. Сонымен  бірге, жылдық жоспарда  ҚР-ның  мемлекеттік  рәміздерді  насихаттау, құрметтеуге  байланысты  арнайы  жоспар  құрылған. Жоспарға  сәйкес, балабақша  тәрбиеленушілерімен  желтоқсан  айында   «Тәуелсіздік тірегім» тақырыбында тәрбие шарасы  ата анамен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған қолөнер байқауы ұйымдастырылды. Жыл  сайын  құқықтық  тәрбиеге  мән  берудің  арқасында  балабақшамыздың  тәрбиеленушілерінің  ертеңгіліктерде, ашық көрсетілімдерде, танымдық іс-әрекеттерде  құқықтық  білімдерінің  бар  екендігін  байқауға  болады. Сұрақ-жауап, әңгімелесу  арқылы  балалардың  туған  жері, Отаны, мемлекетіміздің рәміздері туралы  түсініктерінің  қалыптасқандығы  байқалады. 

МДҰ-ғы  педагогикалық кеңестер жылдық жоспарға сай өткізілен, хаттамалары жазылып нөмірленген, бауланған, мөр басылған. Педагогикалық  кеңес тақырыптары   дұрыс қойылған. Бұл іс-шаралар  оқу–тәрбие  жұмыстарын тиімді   ұйымдастыруға, жылдық міндеттерді  шешуге бағытталған. Сапалы мектепке дейінгі білім беру (оқыту және тәрбиелеу бағдарламалары, Мемлекеттік білім беру стандарттарына толықтай сәйкестендірілген, вариативті бөлімде экологиялық тәрбие, сахналық қойылымдар, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру сабақтары және т.б. еңгізілген).

3)МДҰ-ның  оқыту мен тәрбиелеу жұмысында  балабақша  тәрбиеленуішлерінің  өзін –өзі  жетілдіруіне  үлкен  мән  беріліп, баланың  бес  білім  саласы бойынша  жан-жақты  дамуына  барлық  жағдай  жасау  мүмкіндіктері  қолданылады.

Балабақшада  балалардың  шығармашылық қабілеттерін дамытуға  бағытталған  көптеген  іс-шаралар  ұйымдастырылады. Жоспарға  сәйкес  өткізілетін  ертеңгіліктер  мен  мерекелік  концерттен  бөлек, тәрбиеленушілердің  бойындағы  жеке  қасиеттерін  ашатын  байқаулар  баршылық.

Мектеп жасына дейінгі  тәрбиенің  маңызды міндеттердің  бірі – баланың  танымдық  қабілеттерін дамыту болып табылады. Соған  сәйкес, биылғы  оқу  жылынан  бастап  балабақшада   жобалау  әдістері  еңгізіліп, қолданыла  бастады.      

Мектепке  дейінгі жас ерешеліктері бойынша  баланы  әлеуметтендіру  жұмысына  да  ерекше  көңіл  бөлінеді. Мектепке  дейінгі жас ерешеліктері бойынша балаларды оқыту мен тәрбиелеу балабақша мен отбасы арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты. Ата-аналармен әдістемелік жұмысында,  Шеңбертал жалпы білім беру орта  мектебімен  сабақтастықта теңдік пен қатынас қағидалары жатыр.  Педагогикалық ұжым өзінің оқыту мен тәрбиелеу жұмысын отбасымен тығыз қарым-қатынас жасау негізінде құрады. Өзара оқыту мен тәрбиелеу технологияларының өзгеруі  «МДҰ+ата-ана+тәрбиеші» қатынастарының өзгеруіне байланысты, оның негізінде өзара сыйластық, сенімділік жатыр.

4)Мектеп жасына дейінгі  баланың  денін  сауықтыру  және  шынықтыру  мақсатында  «Денсаулық»  білім беру  саласы бойынша  балабақшада  бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Дене шынықтыру, сауықтыру  іс-шараларының  жоспары  құрылып, жыл бойына  барлық  топтарда  жаппай  сауықтыру шаралары  жүргізіледі. Әр топта  денсаулық  бұрыштары бар, ол  бұрыштар  балаға  түрлі  спорттық және қимылды ойындар ойнауға мүмкіндік береді, сонымен  бірге  баланың  қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру мен дамытуда  ерекше  орын  алатын  балабақшада  спорт  залы  бар, балалардың  денсаулықтарын нығайту мен  дамытуға  бағытталған  қажетті  барлық  спорттық  құрал-жабдықтармен –дерлік  жабдықталған. Дегенмен, әлі толықтыруды қажет етеді.  Қыс  айларында  балалар  далада, таза ауада  қысқы  ойындар  ойнап, шанамен  сырғанайды, қыс мезгілінде  балалар шана тебеді. Түрлі  сауықтыру  алашалары, массаждық  төсеніштер  де бар. Балалармен  қимылды ойындар  ойнату  үшін  түрлі  ойын  атрибуттары, қимылды ойындардың  картотекалары  да жинақталған. Сонымен  бірге, балалардың  дене  шынықтыруға  қызығуышылықтарын  ояту, балалардың  қимыл-қозғалыс  белсенділіктерін  арттыру  мақсатында  тәрбиеленушілер  арасында  тоқсан  сайын барлық  топтарда   денсаулық  күндері өткізіледі. Түрлі ойындар ойнатылады. Дене шынықтыру жұмысының маңызды шарттарының бірі дені сау баланы тәрбиелеу.Дене шынықтыру  іс-әрекеттері әрқашан дәстүрден тыс формада, дене шынықтыру  құралдарын  толық  қолданылып жүргізіледі. Сонымен  бірге, балалардың  дене  шынықтыруға  қызығушылықтарын  ояту, балалардың  қимыл-қозғалыс  белсенділіктерін  арттыру  мақсатында  тәрбиеленушілер  арасында  тоқсан  сайын барлық  топтарда   денсаулық  күндер өткізіліп, ұлттық ойындар  ойнатылады.

5)Пәндік –дамытушы  орта  бала  өмірін дамытуға, санитарлық-гигиеналық, психологиялық –педагогикалық, эстетикалық жағдайлардың кешеніне сәйкес. Топтарда заттар мен ойыншықтарды  балалардың еркін  қолдану  мүмкіндігі  толық қамтамасыз етілген. Пәндік дамытушы  ортада  балалардың  сөйлеу, сенсорлық,  танымдық,  эстетикалық дамыуына  қолайлы   жағдай  жасалған. Мектепке дейінгі ұйымның  жылдық  жоспары  бар, педагогикалық кеңесте бекітілген, белгілінген іс-шаралар  білім  бағдарламасының, оқу-тәрбие жұмыстарын шешуге бағытталған.

 

5.8.Балалардың  білімін  бағалау

 

1)МДҰ-ның  оқыту мен тәрбиелеу жұмысында  тәрбиеленушілер  өзін –өзі  жетілдіруіне  үлкен  мән  беріліп, баланың  бес  білім  саласы бойынша  жан-жақты  дамуына  барлық  жағдай  жасау  мүмкіндіктері  қолданылады.

Мекемеде балалардың  шығармашылық қабілеттерін дамытуға  бағытталған  көптеген  іс-шаралар  ұйымдастырылады. Жоспарға  сәйкес  өткізілетін  ертеңгіліктер  мен  мерекелік  концерттен  бөлек, тәрбиеленушілердің  бойындағы  жеке  қасиеттерін  ашатын  конкурстар мен байқаулар  баршылық.

2)Балалардың білім деңгейін анықтау ҚР МЖМБС 1.001-2009 стандартында  белгіленген 1 жастан 6 жасқа  дейінгі  балалардың  дамуын  бағалау  жүйесі  және индикаторлар құрылымы бойынша жүргізілген.Мектеп жасына дейінгі баланың  даму  құзыреттілігінің индикаторларын  толтыру  стандартта  белгіленген  ең  жоғары  көрсеткіш – «қолданады», орташа  деңгей – «түсінеді»  және  төмен  деңгей – «жасайды»   көрсеткіштері  негізінде  жүзеге  асырылады. Айта  кету  керек, индикаторды  осылай  белгілеу  өте  тиімді  және  нақты, ыңғайлы  болып  табылады. Осылай  деңгей  анықтау  арқылы  әр  білім  саласы  бойынша  қолданатын, түсінетін, жасайтын  балалар  санын  анық  көруге  болады. Тәрбиеленушілердің  дамуының  мұндай  бағалау  жүйесі  арқылы  тек  топтық  немесе  жалпы  балалардың  ғана  емес, әрбір  жеке  баланың  даму  көрсеткіштерін  де  көруге  болады.

Бағдарламаның барлық   бөлімдерін қамтылуы бойынша

 

 

Оқу жылдары

«Денсаулық»

«Катынас»

I

II

III

 

I

II

III

1

2021-2022 о.ж

25%

35%

40%

23%

22%

55%

 

Оқу жылдары

«Таным»

«Шығармашылық»

I

II

III

I

II

III

1

2021-2022 о.ж

37%

38%

25%

42

35%

23%

 

Оқу жылдары

«Әлеуметтік  орта»

I

II

III

1

2021-2022 о.ж

26%

28%

46%

3)Балалардың білім деңгейін анықтау ҚР МЖМБС 1.001-2009 стандартында  белгіленген 1 жастан 5  жасқа  дейінгі  балалардың  дамуын  бағалау  жүйесі  және индикаторлар құрылымы бойынша жүргізілген. Мектеп жасына дейінгі баланың  даму  құзыреттілігінің индикаторларын  толтыру  стандартта  белгіленген  ең  жоғары  көрсеткіш – «қолданады», орташа  деңгей – «түсінеді»  және  төмен  деңгей – «жасайды»   көрсеткіштері  негізінде  жүзеге  асырылады.

4)Мектепке дейінгі жас ерекшелігі бойынша баланың  даму  құзыреттілігінің индикаторларын  толтыру  стандартта  белгіленген  ең  жоғары  көрсеткіш – «қолданады», орташа  деңгей – «түсінеді»  және  төмен  деңгей – «жасайды»   көрсеткіштері  негізінде  жүзеге  асырылады.Айта  кету  керек, индикаторды  осылай  белгілеу  өте  тиімді  және  нақты, ыңғайлы  болып  табылады. Осылай  деңгей  анықтау  арқылы  әр  білім  саласы  бойынша  қолданатын, түсінетін, жасайтын  балалар  санын  анық  көруге  болады.

5) Мектепке дейінгі ұймының педагогтердің бір-бірінің ашық оқу іс-әрекеттеріне қатысу жұмысы  жақсы  жолға  қойылған. Оқу іс-әрекеттеріне қатысу қорытындылары мен анықтамалары  әдістемелік кеңес отырыстарында қорытындыланады. Оқу іс-әрекеттерін  талдау  карталары бар, әр оқу іс-әрекеттің түріне қарай әртүрлі талдау карталары жинақталған. Меңгеруші тарапынан  талдау карталарынан кейін әр педагогке қосымша  жалпы оқу іс-әрекетін өткізу шеберлігіне байланысты карта толтырылып, жылдық соңында анықтама түрінде беріледі.

Өзін-өзі  бағалау барысында комиссия ұсынады:

Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені насихаттау жұмысын жалғастыру;

Педагогтардың облыстық,республикалық конкурстарға қатысуын жалғастыру;

Өзін өзі бағалау,яғни мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының орындалуын,оқу әдістемелік ғылыми зерттеу,тәрбие жұмыстарын,тәрбиеленушілер білімдерінің деңгейңін тексеру,материялдық әлеуметтік базасыныңжағдайы,кадрлардың кәсібилігін,жан жақты талдау барысында «Балдырған» бөбекжай- балабақшасында мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың талаптарына сай екендігін көрсетті.

«Балдырған» бөбекжай- балабақшасы МКҚК өзін- өзі бағалау қорытындысы бойынша төмендегі комиссия мүшелері растап қол қояды.

Комиссия төрайымы:

МДҰ меңгерушісі:                          Н.М.Калиева

Комиссия мүшелері:

Тәрбиеші:                                     Т.Н.Жалғасбаева

Медбике:                                      З.А.Бекмағамбетова

Кәсіподақ төрайымы:                    А.М.Ибраймова

Хатшы:                                        А.С.Абдигалиева

 

«Балдырған» бөбекжай -балабақшасының өзін- өзі бағалау өлшемшарттары

                        Қосымша 1

р/с

МЖМБС жалпы талаптары және бағалау өлшемшарттары

Баға

Өлшеуіштер

1

Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар

1.1

МЖМБС және үлгілік оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын орындауды қамтамасыз ететін «Мектеп кедейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша білімі бар тәрбиешілердің болуы

uzdik

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша педагогтердің үлесі 72 % -дан астам

1.2

Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін пәндік-кеңістіктік дамытушы орта құру

uzdik

Интернет жылдамадығы 30 Мб/с-тан астам

1.3

Зияткерлік конкурстарға қатысу нәтижелері

uzdik

Тәрбиеленушілер күндізгі немесе қашықтықтан өтетін халықаралық және республикалық зияткерлік конкурстардың жеңімпаздары, жүлдегерлері не қатысушылары болып табылады

1.4

Көркемдік, шығармашылық конкурстар мен байқауларға қатысу нәтижелері

 

uzdik

Тәрбиеленушілер күндізгі немесе сырттай халықаралық немесе республикалық деңгейдегі байқаулар мен шығармашылық, көркемдік конкурстар мен байқаулардың жеңімпаздары, жүлдегерлері не қатысушылары болып табылады

2

Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

2.1

МЖМБС-да және үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған әрбір ұйымдастырылған оқу қызметі мен білім беру саласы бойынша жас топтары бойынша игерілуге жататын білім, білік, дағды және құзырет көлемін игеру

 

uzdik

75 %-дан астам респонденттер тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қанағаттанған

 

Атауы Жүктеу
1 Анықтама Балдырған